2.11.2015, 10:01
Оқылды: 20

Үздік жобалар анықталды

Bolashak  «БҚО бойынша «Болашақ» коопративтік қорының ұйымдастыруымен екі бірдей шара өтті.

    Орал қалалық әкімдігінің қолдауымен өткізілген шаралардың алғашқысы «Жобаларды жасақтау және үкіметтік емес ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету» тақырыбындағы семинар болса, екіншісі әлеуметтік маңызды жобалар жәрмеңкесі болды.Шараның алғашқы бөлімінде тренер Сандуғаш Исимова кәсіпкерлік негіздеріне тоқталып, жастарға бизнес-жобаларды жасақтау жолдарын түсіндірді.

Шараның екінші бөлімінде әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өтті. Байқауға барлығы он жоба қатысып, авторлары шара барысында өз жобаларын қорғады. Ұсынылған жобалардың барлығы да қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарына бағытталған. Мысалы, «Топан» ЖШС қызметкері Дмитрий Сорокин «Street workout Uralsk» атты жалпы халықты қатыстыра отырып өткізілетін спорт жаттығуларына арналған бағдарламасын ұсынса, «Диабет» қоғамының төрайымы Тамара Истомина түрмеде жазасын өтеп жүргендерді тәрбиелеу, оларды қоғамға қайта оралту жөніндегі жұмысын көпшілік назарына ұсынды.

Маңыздылығы бірінен бірі өткен жобаларды таңдауда қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Нарымбетов бастаған комиссия мүшелері біраз қиналды. Ақыры, бір пікірге келіп, барлығы бірауыздан ең үздік деген үш үздік жобаны атады. Олар мыналар: Меруерт  Санкаеваның «Аутизм бойынша инновациялық технология және үздік тәжірибелер лекотекасы», Гүлмира Батпақұлова мен Назгүл Ізімғалиеваның  «Тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған жандарға арнап орталық ашу» жөніндегі және Артем Щелковтың  «Береги жизнь смолоду!» атты жобасы.

Байқау жеңімпаздарына қала әкімдігі мен «БҚО бойынша «Болашақ» кооперативтік қоры атынан арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале