12.11.2015, 18:23
Оқылды: 20

«Үздік интернет-ресурс – 2015»

Bokei jenisterinmen   Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы үздік интернет-ресурстарының жұмыс тәжірибелерін анықтау, қолдау және тарату, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, сайттар жасау арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Үздік интернет-ресурс – 2015» облыстық байқауын өткізді.

Байқауда әр ай сайын ұсынылған мектеп қызметін бейнелейтін сайттардың құрылымы мен навигациясы, дизайны, интербелсенділігі, сауаттылығы, өзектілігі, туған өлке бойынша энциклопедиялық сипаттағы ақпараттың, сонымен қатар оқу және әдістемелік материалдардың болуы, анықтамалық ақпараттар критерийлері талқыға салынды. Нәтижесінде Орал қаласының №35 мектеп-лицейі І, Ақжайық ауданының Тайпақ мектеп-гиманзиясы ІІ, ал біздің мәметовалықтар жүлделі ІІІ орынды иеленді.

   www.zhaikpress.kz

Бөкей ордасы ауданы

З.МҰХТАР

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале