1.06.2015, 18:25
Оқылды: 22

Үздік спортшыларға марапат

ZH  Бүгін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет жыл басынан бері жоғары жетістіктерге жеткен төрт үздік спортшыны қабылдап, сый-сияпат ұсынды.

Марапатталғандар қатарында ММА аралас жекпе-жегінен Азия чемпионы Андрей Смирнов, Тайвань елінде бокстан жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Назым Ищанова, Грузияда өткен каратэ-додан кадеттер мен кіші жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Дархан Темірәлиев, Молдова мемлекетінде өткен пара-таэквондодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Мәлік Мұқашев болды.

Басқарма басшысы спортшыларды құттықтап, бағалы сыйлық тапсырып, алда да жеңісті күндердің көп боларына сенім білдірді. Өз кезегінде марапаттталған атлеттер жергілікті әкімдік, басқарма тарапынан көрсетілген қолдау-демеуге ризашылығын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале