22.04.2016, 17:18
Оқылды: 17

Үздік супермаркет анықталмақ

supermarket (1)Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасында дәстүрге айналған «Қаланың үздік супермаркеті» байқауының басталуына байланысты комиссия отырысы өтті.


Байқау «Қазақстандық өнімді сатып ал!» республикалық акциясының негізінде биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл бастама өткен жылы жоғары нәтиже көрсетіп, жергілікті және жеке тауар өндірушілерді қолдау, азық-түлік сапасын арттыру мақсатында қолға алынған болатын. Байқау барысында арнайы комиссия жұмыс істеп, әртүрлі бағалаулар бойынша ең үздік жергілікті тауар өндірушілердің тағам өнімдері мен қаламыздағы үздік супермаркетті анықтайтын болады.

supermarket- Айта кетейік, 2015 жылғы байқауға «Анвар», «Атаба», «Дина», «Дом еды», «Лидер», «Рамстор», «Шолоховский» секілді 21 супермаркет қатысып, «Қала күні» мерекесі қарсаңында "Атаба" супермаркеті үздік шығып, арнайы кубок жəне дипломмен маратталды. Супермаркет сөрелеріндегі жергілікті отандық өнімдердің санына байланысты мониторингтер жүргізілді. Нәтижесінде үш айда жергілікті тауарлар санының 12,7 пайызға өскендігі байқалды. Егер 2015 жылдың мамыр айында  жергілікті тауарлардың барлық түрі 158-ді құраса, тамыз айында 178 ассортиментке дейін жетті. Биылғы байқау өткен жылмен салыстырғанда жоғары деңгейде өтетініне сенім білдіремін, - деді кəсіпкерлердің аймақтық палатасы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Қаиршин.

Енді әр апта сайын қаланың барлық супермаркеттерінде аймақтық кеңес, кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлер ассоциациясы, облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің өкілдерінен құралған  комиссия мүшелерінің қадағалау жұмыстары жүргізілетін болады.

Комиссия мүшелері биылғы байқауды «Дина» гипермаркетінен бастап кетті.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале