22.06.2015, 17:38
Оқылды: 27

Үздік түлектерді қабылдады

Janibek kabildau    Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сәйкес Жәнібек ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасарлары Аманжол Қадырбеков пен Біржан Қуанәлиев биылғы «Алтын белгі» иегерлері Әсем Бақтығалиева мен Сымбат Ғалиханованы (Т.Жароков атындағы ЖББОМ), Гүлфайруз Қабдирова, Батырлан Ақишев, Айсауле Базарғалиева (Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ), Айдана Айтқалиева (Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ) және «Ерекше үлгідегі аттестат» иегері Рината Сариеваны (Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ) олардың ата-аналарымен бірге қабылдады.

Қабылдауды ашқан Аманжол Сансызбайұлы жиналғандарға іссапарда жүрген аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың ыстық сәлемін жеткізді. Сонымен бірге ол қабылдауға келгендермен жақынырақ танысып, бұл бейресми кездесу болғандықтан қысылып-қымтырылмай, ашық отырып әңгімелесуге шақырды. Мектеп бітіруші түлектерге гүл шоқтарын ұсынды.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале