23.11.2016, 16:31
Оқылды: 28

Үздік шебер анықталды

%d2%af%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d1%88%d0%b5%d0%b1%d0%b5%d1%80-%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b  Зеленов колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойына арналған «Өндірістік оқыту шеберлері арасындағы «Үздік өндірістік оқыту шебері» атты  байқауы өтті.

 Сайыс басында колледж директоры А.Бақтыгереев   жиналғандарды келе жатырған Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.  Алғы сөзді одан әрі қарай  Зеленов аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры А.Карткужакова жалғасытырып, заман талабына сай жұмысшы мамандықтардың  нарықта сұранысы зор екенін атай келіп, тек үздіктері ғана жеңіске жетсін деген тілегін білдірді.

  Байқаудың 1-ші кезеңінде қатысушылар өздерінің портфолиосымен таныстырды, ал 2-ші және 3-ші кезеңінде арнайы шеберлік-сыныптарын көрсетіп, қосымша шығармашылық жұмыстары туралы баяндаса, 4-ші кезеңінде мамандықтары бойынша 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындады.

  Төрт кезеңнің жалпы бағасы бойынша 1-орынға және 15 мың теңге сомасындағы сертификатқа колледждің «Электр құрал-жабдықтарын қамтамасыз ету бойынша электр монтер» біліктілігі мамандығының өндірістік оқыту шебері С.Ляляев ие болса,  2-орынды және 10 мың теңге сомасындағы сертификатқа «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандығын оқытушы Б. Иксанов иеленді. Ал үшінші 3-орын мен 5 мың теңге сомасындағы сертификатты «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті» бөлімінің өндірістік оқыту шебері А. Мирошников қанжығасына басты.

 Бұдан басқа қатысушылар «Үздік портфолио», «Жеңіске деген жігері», «Үздік шығармашылық жұмыс»  сияқты аталымдармен марапатталды.

  Алдағы уақытта кәсіптік техникалық білім беру жүйесін дамыту барысында, басқа да мамандықтарға арналған сайыстарды колледжіміздің базасында өткізуді көздеудеміз.

Д.Қажмұратов

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале