18.09.2015, 11:03
Оқылды: 20

Үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мығым

Sirim ykimettik emes yimdarmen    Аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңес отырысына аудан басшысы А.Шыныбеков төрағалық етіп, оған кеңес мүшелері мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Дарғожиев аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жалпы тынысын, тоғыз айда атқарған жұмыстарын баяндады. Шолаңқаты ауылдық округінің әкімі  Т.Айтқалиев, Жосалы ауылдық округінің әкімі Қ.Ғабдешов округтегі әйелдер істері жөніндегі кеңестің, ардагерлер кеңесінің, қоғамдық келісім кеңесінің  жұмыстарымен таныстырды.

Кезек ұсынысқа келгенде, аудандық аурухана директоры А.Дүйсенғалиев жүкті аналарға көмекті күшейтуге қатысты пікірін білдіріп, қоғамдық ұйымдарды тізе қосып жұмыстануға шақырды. «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Ерғалиева жасы 18-ге толған мүмкіндігі шектеулі жандардың әрі қарай білімін жетілдіру туралы ойын ортаға салды. Кеңес барысында қоғамдық ұйымдармен «Үздік аула» байқауын өткізу, экологияға, санитарлық тазалыққа көңіл бөлу, ардагерлер ұйымының беделін арттыру сынды ұсыныстар айтылды.

Кеңес отырысын аудан басшысы түйіндеп, ауданда үкіметтік емес ұйымдардың орны орасан, олардың бастамашыл екенін, көтерген мәселелер мен ұсыныстардың орынды екенін айтып, ана мен бала саулығына көңілді көбірек бөлу, ардагерлер күнін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмауға қатысты тиісті міндеттер жүктеді.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале