25.08.2015, 21:10
Оқылды: 21

Үкімет басшысының орынбасары – БҚО-да

 

DSC_0007Бүгін облысымызға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен келді. Келген бойда облыс әкімдігінде өңіріміздің кәсіпкерлерімен, жұртшылық өкілдерімен кездесті. 

Жиынды ашқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақ Жайық өңірінің хал-ахуалымен танысып кету үшін уақыт тауып келген Вице-Премьерге батысқазақстандықтар атынан ризашылығынын білдірген соң, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады.

Сонан соң кәсіпкерлер сөз алып теңгенің еркін айналымға шығарылғанын қолдайтындарын жеткізді.

IMG_5542Жиынды қорытындылаған Үкімет басшысының орынбасары сапарының мақсаты облыста атқарылып жатқан жұмыстарды көру, шешілмей жатқан мәселелер болса, олардың тездеп оң шешімін табу үшін Үкімет тарапынан қолдау көрсету екенін жеткізді.

Жиыннан кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қаламыздағы «Мечта», «Дина» гипермаркеттерін аралап көріп, ондағы ахуалмен танысты.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале