4.11.2016, 11:39
Оқылды: 26

Үлгілі ауылдағы үлгілі істер

%d2%af%d0%bb%d0%b3%d1%96%d0%bb%d1%96-%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d2%af%d0%bb%d0%b3%d1%96%d0%bb%d1%96-%d1%96%d1%81%d1%82%d0%b5%d1%80Әлеуеті жыл санап артып келе жатқан Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округінде ел игілігі үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Оған айғақ «Елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Б.Сақыпкереевтің «Даңқ» аллеясының ішінен 765 мың теңгеге ашық сахна орнатқанын  айта кету керек. Бұл - ауданда  салынған  алғашқы жаздық сахна. Айналасына орындықтар мен арнайы қоқыс жәшіктері орнатылған. Бұл жұмысты «Security Shop» ЖШС жүргізіп, барлығы 1 млн. 244 мың теңгеге «Даңқ» аллеясының ішін безендіріп,  жиектас, тақтатас төсеп, абаттандыруға үлкен үлес қосты.

«Автокөлік жолдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында округ бойынша барлығы 1,65 шақырым  қашықтықты қамтитын Жуков, Амангелді, И.Мажитов, Таңшолпан, Астана, Бейбітшілік көшелерінің жолдары жөнделіп, 890 мың теңге қаржыға опока төселіп, тегістелді. Аталмыш жұмысты «БестгеоСервис» жеке кәсіпкерлігі мен «Тасқала-Даму»ЖШС жүргізген.

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Амангелді орта  мектебінде 1млн. 500 мың теңгеге жылыту қазандығы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, күні бүгін 1 млн. 899 мың теңгеге мектептің сыртқы қоршауы ауыстырылуда. Сапар барысында көп жылдан  бері дұрыс жөндеу көрмеген аудандық мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарымен де танысудың  сәті түсті. Ғимараттың қабырғалары толық қайта сыланып, боялды. Сахна жалғанып, кіреберіс фойенің есіктері ауыстырылып, мәдениет үйінің алдына тақтатас төселген. Осы жұмыстардың барлығы «Б.Сақыпкереев» жеке кәсіпкерлігінің арқасында іске асырылды.

Сондай-ақ округте қайырымдылық айлығы аясында да біркелкі жұмыстар атқарылған. Округ әкімі К.Жұмагереевтің берген мәліметіне сүйенетін болсақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсететін көмектен басқа «Малаев» шаруа қожалығы төрт отбасын мал азығымен, яғни шөппен қамтыса, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің және мекемелердің демеушілігімен 43 қарияға мерекелік дастархан жайылған.

  • Осы жылы көп жұмыстар атқарылды, нысандар жөндеуден өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында және Елбасының берген тапсырмаларын іске асыру бағытында жоспарланған жұмыстар өз нәтижесін берді. Жолдар жөнделіп, мектептің қоршауы ауыстырылуда. Жаңадан ашық аспан астындағы сахна бой көтерді. Дегенмен, жыл аяғына дейін әлі де атқаратын жұмыстар жетерлік. Жақын арада I Шежін ауылына қатынайтын жолды жөндеу жұмыстары  қолға алынбақ. Жалпы ауылдық округке бөлінген қаржыны уақытылы игеру мәселесінде аудан бойынша алдағы қатарда келеміз,-дейді ауыл басшысы Қазбек Мендібайұлы.

 

Назгүл Серікқызы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале