22.09.2016, 9:07
Оқылды: 41

Үлгілі отбасылар дәріптелді

%d2%af%d0%bb%d0%b3%d1%96%d0%bb%d1%96-%d0%be%d1%82%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b4%d3%99%d1%80%d1%96%d0%bf%d1%82%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96  21 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде  «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық байқауы аясында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аудандық «Мерейлі отбасыларын дәріптеу» шарасы өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай аудандық байқауға 12 округтен 16 отбасы қатысқан болатын. Солардың қатарында отбасылық өнегелі тәрбиелерімен, ұлттық құндылықтарды насихаттауымен  мына отбасылар үздік деп танылған еді.


   Олар: талдықұдықтық Разия Сағындықова, Жұмағаным Көшенова, Мафтуха Айтқалиева, қараөзендік Жанат Қабиев, Медет Жанболатов, қарасулық (Жұлдыз ауылы) Алтынбек Төлешов, бостандықтық Манарбек Ғұбашев, көктеректік Қайрат Қабдиев, талдыапандық Ғалия  Каргопольцева, тереңкөлдік Дина Кенжина, жалпақталдық Айдарбек Ғайнеденов, Серік Молдағалиев, болашақтық Нұрлыбек Отаров, әжібайлық Жәдігер Мәжиев, қазталовтық Валерий Бектұрғанов.

Үлгілі отбасыларын аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтап, алдағы уақытта да жарасымды отбасы, көпке үлгі болатындай имандылық отаулары болуына тілегін жеткізді және алғыс хаттар табыс етілді.

Бұл салтанатты шара әнмен өріліп, мазмұнын аша түсті. Сонымен қатар аудандық мәдениет қызметкерлерінің күшімен отбасылық жарасымдылық туралы көрініс қойылды.

Бір айта кетер жәйт отбасы құндылығын аша түсетін бұл мәдени шараға мәдениет қызметкерлерінің және жаңадан ғана басшылық қызметке келген мәдени-демалыс орталығының директорының міндетін атқарушы Мира Максимқызының көп ізденгенін айтқан жөн.

Сондай-ақ күні кеше ғана Данияр баламыз Риода алтыннан алқа тағып, күллі қазақты қуантса, енді міне өзіміздің топырақтан шыққан Марат Бегалиевтер отбасы республикалық байқауда төбемізді тағы бір көкке көтеріп тастады. Лайымда да осындай жұлдызды сәттер ауданымызда көп бола берсін! деген тілегімді жеткіземін,- деді.

Салтанатта аудан әкімі Бегалиевтер отбасына алғыс хат пен сыйлығын табыстады.

 Сөз алған Марат Бегалиев, - осындай биіктерге жетуіміз сіздердің арқаларыныз, сіздер әрқашан да біздерді қолдадыңыздар. Болашақта да ауданымыздан өнерден де, спорттан да алар асуларымыз биік болсын,- деген ыстық лебізін жеткізді.

Сонымен қатар осы мәдени шарада Бегалиевтердің отбасы туралы бейнебаян көрсетіліп, олардың орындауында әндер де шырқалды.

Зал толы көрермен осындай тәрбиелік мәні бар шараға үлкен ризашылық білдіргенін айтқан жөн.

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале