13.09.2015, 12:18
Оқылды: 78

Үлгілі отбасылар дөңгелек үстел үстінде бас қосты

Kaztalov belgili otbasilar    Отбасы – сыйластығы, жарастығы орнаған кіші отан. Сондықтан біз отбасын отанның кіші бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Ал қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы биік болып келеді. Бұның себебі – біздің ата – бабаларымыз отбасына үлкен мән берген.

Осыған орай 13 қыркүйек күні «Отбасы күні» мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде үлгілі отбасылардың басын қосқан дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді ашқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, - отбасы  - адамзат бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы - ата – ана. Осы орайда өздерінің имандылық тәрбиесімен жұртшылыққа үлгі көрсетіп жүрген отбасылар ауданымызда көптеп саналады, - деді.

Дөңгелек үстелге қатысқан өнерлі отбасы Баян Қабиева, кәсіпкер Мереке Қайбушев, ұстаз Марат Беғалиев, ата кәсіпті жалғастырушы Өтеу Бекжанов және басқа да үлгілі отбасы мүшелері сөз алып, бала тәрбиесі, отбасының қоғамдағы рөлі, имандылық жөнінде әңгімеледі.

Сонымен қатар аудандық сот төрағасы Ербол Төлеев, аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, - Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Заңынан туындайтын ата – ананың рөлі жөнінде айтып өтті.

Дөңгелек үстелдің өту барысы ән- жырмен өрнектеліп, салтанатты шараның мәні аша түсті.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале