28.08.2015, 16:48
Оқылды: 25

Үлгі болған көктеректік жас отбасылар

TErektilik otbasi  Қазталов ауданының Сарыөзеннің жағасында орналасқан Көктерек ауылы өзінің тарихымен жұртты қызықтырғандай... Неге дейсіз? Оның себебі -  күй атасы Құрманғазының осы жерде аз уақыт қоныс етсе, Төлеген Сейіткереев ағамыздың тарихтан сыр  шертетін мұражайы да осында. Сонымен қатар дала төсін мыңғырған малға толтырған еңбек адамдары да жетерлік.

Көктеректіктер тағы бір тек ауыл үшін емес, ел үшін қуанышқа толтыратын жаңалықтарымен жұрт жадында жүрері сөзсіз. Көктерек ауылдық округі әкімдігінде маман болып қызмет ететін Бақытжан Есенғалиевтің шаңырағы осыған дәлел бола алады. Бақытжан жұбайы Әсел екеуі Әли, Әлихан, Ибрагим, Хасан, Нұрәлі есімді асықтай 5 ұл тәрбиелеп өсіріп отыр. Отыздың ортасына да келмеген жас отбасыларының үлкені 7 жаста болса, енді тағы да отбасына бір жан қосылады деп күтілуде. Бес «атқа мінердің» анасы Әсел ағылшын тілі пәнінің ұстазы.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале