31.03.2016, 12:38
Оқылды: 24

Үлкен жарыста үш чемпион

Zelenov Sambo    Оралда спорт ардагері, самбо күресінен спорт шеберлері арасындағы Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Тілекқабыл Қамзиевті еске алуға арналған Республикалық турнир өтті. 2001-2003 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер мен 1999-2000 жылдары туылған қыздар арасында оздырылған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200 жас палуан қатысты.


    Байрақты бәсекеде бақтарын сынаған Зеленов өрендері де намысты қолдан бермеді. Атап айтар болсақ Нұрлан Мұқтаров баптайтын Мерхат Серіков жарыстың қола жүлдесін еншілесе, Сүйініш Ділмұхамбет пен Мағжан Мұхамбетов турнир жеңімпаздары атанды. Бұдан бөлек білікті бапкер Раушан Есенғалиевтің қол астында жаттығатын Ерасыл Сибатов пен Марина Пухова да үшінші орын иеленсе Манарбек Кенжеғалиевтен тәлім алып жүрген Ғайнуллин Нұрдәулет пен Дәурен Шүйінішқалиев үшінші Расул Жолдасов бірінші орын иеленіп, аудан намысын абыроймен қорғай алды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале