5.06.2015, 12:01
Оқылды: 14

«Үміт» тілдер гимназиясының шәкірті Сымбат Самат 125 балл жинады

Simbat Теректі ауданы Подстепный ауылындағы «Үміт» тілдер гимназиясының түлегі Сымбат Самат 125 балл жинады.

Гимназия директоры Дариға Мұштанованың хабарлағанындай, Сымбат Қуанышқызы Жәнібек ауданының Тау ауылынан, қарапайым отбасыдан, үш баланың кенжесі, гимназияда 7-сыныптан бері оқыған. Негізгі пәні - ағылшын тілі. Ол «Алтын  белгісін» де қорғап шықты.

Гимназияны биыл 29 оқушы бітірсе, соның 17-сі «Алтын белгіге», 6-сы үздікаттестатқа лайық болды. Орташа балл - 117,8. Шәкірттердің ең төменгі балы да жоғары - 107. Апелляция қорытындысына сәйкес бұл нәтижелер өзгеруі мүмкін.

Сөйтіп гимназия түлектері биыл да ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтап, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале