25.04.2016, 16:58
Оқылды: 26

Үшжақты комиссия отырысы

Shingirlau ysh jakti komissia otirisi     Аптаның алғашқы күні аудан әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысы болып өтті.  Шақырылған бөлім басшылары, аудандық орталық аурухана, Шыңғырлау колледжі ұжымдарының басшылары мен кәсіподақ ұйымының төрағалары бас қосқан жиында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айбек Сұлтанов комиссия жүргізген жұмыстар туралы хабарлама жасады.


      Ұжымдық шарт аясында 27 ұжымдық шарт жаңа Кодекске сәйкес жаңартылған. Бұған қоса 41 мекемелердің ұжымдық шарттары жаңартылмақ.

  Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша аудан кәсіпкерлері әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына көмек қолдарын созып келеді. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде Ақбұлақ, Полтава, Ащысай  ауылдық окургтерімен 442 мың теңгеге 14 меморандум жасалған. Ал өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға аудан бойынша 77 жеке кәсіпорындармен үш жыл мерзімге қол қойылып отыр.

  Осындай нақты жұмыстарды атқарып отырған комиссия  жұмысын одан әрмен жандандыру қажеттігін баса айтақан Қ.Айтмұхамбетов нақты тапсырмалар берді.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ботанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале