16.06.2016, 19:24
Оқылды: 23

Үш алтын қыз, бір алтын ұл...

????????????????????????????????????

Ақжайық ауданының биылғы түлектері арасынан төрт «Алтын белгі» иегері шықты. Бұлардың үшеуі, яғни, Гайнита Иманғалиева, Думан Дендер және Гүлден Тәпенова аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясынан. Ақтоты Төлеуғалиева – Тайпақ мектеп-гимназиясының түлегі.


Аудан әкімі Әділ Жоламанов бүгін бұл «алтындарға», сондай-ақ олардың ата-аналарына  облыс әкімі Алтай Көлгіновтің және өзінің алғыс хаттарын, естелікке бағалы сыйлықтарды тапсырды.

Аудан басшысы «Үздік аттестатқа» ие болған 14 ұл-қыз бен олардың ата-аналарын қошеметтеді.

www.zhaikpress.kz
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале