12.05.2016, 10:04
Оқылды: 25

«Үш аяқ» қатардан қалған жоқ

 Kaztalov 3 ayak   Мына суретте Қазталов ауылының тұрғыны Асанбай Шамұратовтың «Урал» мотоциклы. Әрине бұл техникамен жүретіндер қазіргі күнде жоқтың-қасы. Бірақ бұл «үш аяқты» қатардан қалып қоймаған. Асанбайдың әкесі Ұзақ «үш аяққа» шөп шабатын агрегат орнатқан. Жаз айында малға шөп осы техника арқылы дайындалатын көрінеді.


    -Шығынды аз жұмсайды, жөндеп алуға да жеңіл. Ойлы-қырлы жерлердің шөбін шабуға да тиімді, - дейді Асанбай. Жалпы, Кеңес дәуіріндегі техникаларды тиімсіз, - деп жойып жатсақ та, оны пайдаға асыруға болатынын көзіміз жетіп отыр.

www.zhaikpress.kz

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале