17.03.2016, 16:21
Оқылды: 50

Үш жақты комиссия отырысы болды

????????????????????????????????????

 Бүгін Жәнібек аудандық әкімдігінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның отырысы оздырылып, оған мүдделі мекемелер мен ұйымдар басшылары қатынасты. Жиында аталған комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.


Содан соң аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Еркін Садықов 2015 жылға аудан бойынша еңбекақы берешегі туралы хабарлама жасаса,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова 2016 жылға арналған әлеуметтік жоба болып танылатын екі жақты меморандумдарды жасақтау жайында есеп берді. Аталмыш комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев қорытындылап, мүдделі мекемелер мен ұйымдар басшыларына  жұмысты жандандыру бағытында ұсыныс, пікірін білдірді.

 www.zhaikpress.kz

                                                                            Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале