15.05.2015, 16:53
Оқылды: 26

ҰБТ жақын қалды, үміт те, күдік те бар

 Janakla YBT  Биыл Жаңақала ауданы мектептерін 268 оқушы бітіреді. Олардың ҰБТ-ға қатысуға тілек білдіргені 151 оқушы немесе 56,3 пайызы. Бұл облыс бойынша ең аз қатысу көрсеткіші болып отыр.

Түсінік жұмыстары тек оқушылармен ғана емес, ата-аналармен де жүргізіліп келеді. Сондай шаралардың біріне 14 мамыр күнгі облыстық білім басқармасының бөлім басшысы С.Темірғалиеваның қатысымен өткен жиынды атауға болады. Жиынға аудандағы барлық мектеп басшылары, мектеп бітірушілердің ата-аналары мен сынып жетекшілері қатыстырылды.

Жиында ҰБТ жайында, биылғы өзгерістер туралы кең түсінік берілді.

-Облыс бойынша биыл ҰБТ-ға 3171 бала, бітірушілердің 69,2 пайызы қатысады. Сіздің ауданда 56,3 пайыз қатысқалы отыр. Бұл облыстағы ең төмен қатыс.

Биылғы ҰБТ-дағы басты ерекшелік – тәртіп күшейтіледі. Өткен жылы ҰБТ өткен 7 күн ішінде облыс бойынша 48 мың тыйым салынған зат алынды. Олар – ұялы телефондар, есептеу құралдары, фотоаппараттар, флешкалар, дайын жауап көшірмелері.

Биыл мұндай жолсыздыққа үзілді-кесілді жол берілмейді. Ұсталған оқушы сынақтан шеттетіледі.  Тіпті қолданып үлгермегеннің өзінде де. Осы мақсатта бейнебақылау қондырғылары күшейтіледі. Осыны ата-ана да, оқушылар да  ескеруі керек,-деген облыстық білім басқармасының  өкілі басқа да өзгерістер мен ҰБТ жайында кең түсінік берді. Ата-аналар мен ұстаздардың сұрақтарына да жауап берді.

www.zhaikpress.kz

Ө.Ақбасов

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале