1.04.2016, 15:08
Оқылды: 20

«Ұжымды біріктірген мереке»

nauryzРеспубликалық «24 kz» телеарнасы ұйымдастырған «Менің Наурызым» байқауында «Жайық Пресс» ЖШС «Ұжымды біріктірген мереке» аталымы бойынша үздік деп танылған болатын. Бүгін «24 kz» арнасының жүлдесі пошта арқылы аталым иесіне жеткізілді.


1978603_593760820711933_815675045_nРасында да, табиғат-ана бусанып, жер бетіне шуағын шашып келетін Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы «Жайық Пресс» ЖШС медиахолдингінің ұжымында жыл сайын кең көлемде аталып өтеді.

IMG_1092Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұл күні бөлім, редакциялар жайған дастарханға қазақтың қадірлі қонағына тартар басы мен асы, ақ бауырсағы, қазы-қарта, шұжық, тары-талқан, жент-ірімшік, қаймақ-май, айран-көже, басқа да ұлттық тағамдары қойылып, халқымыздың қонақжай дәстүрімен ұжым мүшелері мен медиахолдинг меймандарына ұсынылады. Әрине, ешкім де мерекелік дастарханның басты тағамы ақ ырыс (көктемнің өнімі), қызыл ырыс (қысқы тағам) және көк ырыстың (жазғы тағам) басын қосып, жеті түрлі тағамнан жасалған Наурыз көжеден ауыз тимей кетпейді.

2759_1128023783897746_2054423900481768545_nҰлттық киім киіп, қырмызыдай құлпырған қыз-келіншектер мерекенің ажарын ашып, сәнін келтірсе, ер-азаматтар да жасына лайық ұлттық киімдерін иықтарына іледі.

Басым көпшілігі өзге ұлт өкілдерінен тұратын «Приуралье» газетінің журналистері биыл ұлттық киімдерді сатып алып кигендігін айтып өткен абзал. «Жыл сайын жалға алып жүретінбіз. Биыл әрқайсымыздың өзімізде болсын деп шештік. Ою-өрнекті әдемі қамзолды күнделікті киіп жүрсек те, артық емес», дейді олар.
IMG_8875Ұлыстың ұлы күні бес қабатты ғимараттың әр қабатында орналасқан әкімшілік бөлімі, облыстық "Орал өңірі", "Приуралье" газеттері, ақпарат орталығы бір-біріне қонаққа барып, ән шырқалып, күй шертіледі, өлең оқылып, тілек айтылып, ақсақалдар бата береді.

Сонымен қатар ұлттық мерекенің мазмұнын арттыра түсу үшін журналистер жыл сайын қазақ халқының құда түсу, сырға салу, бесікке салу, шілдехана, тұсау кесу, т.б. салт дәстүрлерінен көрініс дайындайды.

IMG_1176Былтырғы Наурыз мейрамы да өзіндік ерекшелігімен есте қалды. Медиахолдинг ғимаратының алдына әкелінген сүліктей қара тұлпарға мініп көруге ниет білдірген балалар мен ересектердің қарасы мол болды.

Мерекелік шараға жиналған тек ұжым мүшелері ғана емес, мекеме орналасқан Мұхит көшесінің тұрғындарына бағзы заманнан ер қанаты боп есептелетін жылқы малының тұрпаты таныстырылып, ер-тұрман, ат әбзелдерінің атаулары, не үшін қолданылатыны туралы түсінік берілді.

«Ұйымдастыра білген ұтады» дегендей, осындай жан жақты, мазмұнды шаралардың ұжым мүшелерін біріктіріп, ынтымағын арттыра түсері анық.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

IMG_0641

IMG_1170

DSC07807

1186723_593775180710497_1964129441_n

1554529_593765957378086_844535895_n

1896764_593769187377763_960699289_n

1933563_1128023930564398_3841814715404368964_o

IMG_0961

IMG-20130319-WA0010

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале