26.09.2015, 15:56
Оқылды: 26

Ұзақ есте қалады

Akjaiyk kyrban ait yzak este kaladi  Үш күнге созылатын құрбан айт Ақжайық ауданында да тағлымды, әсерлі өтуде. Аудан орталығындағы мешіт ауласында арнайы дайындалған орында кеше аудан әкімі аппаратынан ірі қара, сондай-ақ тұрғындардан бірнеше қой құрбандыққа шалынып, еті таратылды. Жиналған еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жастар, оқушылар, тұрғындарды аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтады.

Барлық ауылда мерекелік шара ұйымдастырылды. Чапаевтың орталық алаңында әншілер Әділжан Елешев, Ануар, Венера Нұрғалиевтер, Аслан Бақтығалиев және және басқалар ән әуелетті. Ептілік пен мергендік сыналатын асық ату, стритбол сайыстарына жұрт  қызығушылықпен қатысты. Әсіресе, аудандық мешіт алқасының қолдауымен өткен қой көтеруден сайыс көпшілікті қызыққа кенелтті. Мұнда қара күшін сынаған тепсе темір үзетін жігіттер аз болған жоқ. Білекті де жүректі азаматтардың арасынан қойды 70 рет көтерген Рустам Күнтуғанов (18 жаста, Бударин ауылы) жеңіске жетті. Сондай-ақ, Айжарық Ниетқалиев («Ажар» сауда үйінің қызметкері, Чапаев), Еркебұлан Беляков (аудандық аурухананың дәрігері) жақсы нәтижелер көрсетті. Бұдан соң боз кілемде белдесулар басталды. 80 кг. дейін және 80 кг. жоғары салмақ дәрежесінде қазақ күресінен Ержан Садыков, Әділбек Темірболатов (Қабыршақты ауылы), Еркебұлан Беляков, Ақболат Бисекешов, Нұрбек Тельбаев (Чапаев ауылы) жүлделі орындарды иеленіп, «Жігер» спорт клубының диплом, кубоктарымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Болат ЕСҚАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале