24.05.2016, 19:55
Оқылды: 69

Ұзақ Мырзабайұлы атындағы «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар байқауы өтеді

Kyi kymbiri   Ағымдағы жылдың  25 -26 мамыр күндері Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығында Қаратөбе ауданының әкімдігі мен Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу аясында  ұлы даланың сырлы сазын күймен жеткізген күйшілердің бірі, жерлесіміз Ұзақ Мырзабайұлы атындағы «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар байқауы өтеді.


   Домбырашылар байқауына Астана, Алматы қалалары мен Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарынан 26 үміткер қатысып, бақтарын сынайтын болады.

   Байқаудың мақсаты, Күйші Ұзақтың тарихи тұлға, дәулескер күйші екендігін таныту, өнерін үлгі ету және күйлерін сауатты орындай білуге үйретіп, жас ұрпақты өнерсүйгіштікке, халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін берік ұстануға тәрбиелеу. Республикамыздағы домбырашылардың кәсіби деңгейін шыңдап, өнер әлемінде жас домбырашылардың жаңа есімін ашу.

   Байқау үш кезеңнен тұрады. Байқауға қатысушылар Қазанғаптың, Боғданың, Құрманғазының, Махамбеттің, Динаның, Сейтектің, Дәулеткерейдің, Қаратау мен Арқа мектептерінен күйлер орындап, Дәулеткерей  атындағы оркестрдің  сүйемелдеуімен қалауы бойынша /Махамбет, Б.Қыдырбек, Е.Нұрымбетов/ тағы бір күй орындаулары шарт.

   Байқауға арнайы шақырылған ардагерлер, аға ұрпақ және бұқаралық ақпарат өкілдері, аудан тұрғындары қатысаддеп жоспарлануда.

   Аталған байқау туралы толық мағлұмат алғыңыз келсе, Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығымен мына телефон номері арқылы хабарласуыңызға болады: 8 /711 45/ 31 1 94; 31 9 52; е-mail: [email protected]

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале