18.04.2016, 17:02
Оқылды: 20

Ұйымдастыра білген ұтады

Shingirlau yimdastira bilgen ytadi   Шыңғырлау ауданында көктем басталғалы көктемгі-далалық, жазғы маусымдағы жұмыстарды жоспарлау, ауылшаруашылығын дамытудағы жүргізілетін түрлі шараларды халыққа түсіндіру барысында аудан басшысы бастаған жұмыс тобының сапары  Белогор ауылдық округінде жалғасты. Қысқы кезеңнен кейінгі округтегі жол жағдайы, ауыл ішіндегі тегістеу жұмыстарының жүруі ұйымшылдықпен іске асырылып жатыр.


      Мәдениет үйіне жиналған халық алдында ауыл әкімі Рүстем Исламов округтегі мал бағу мәселесінің шешілгендігі, елді-мекеннен тыс жерде бағылатын мал бағасы- 600 теңге, бұзау бағасы- 200 теңге, жылқы бағу бағасы- 1000 теңгені құрап, құлын бағу 500 теңге болып белгінгенін мәлімдеді. Аталған бағалар ауыл үлкендерімен, тұрғындармен келісе шешілгендіктен әр түрлі пікірлер болған жоқ.

     Қыс бойы қордаланған күл-қоқыстың шығарылуына және ақ балшық әкелуге техника белгіленіп, тұрғындар хабардар етілді.

  Жиынға қатынасқан ауыл әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов шаруа қожалықтарындағы мал санының өсу деңгейіне, ауыл шаруашылығындағы субсидия мәселесіне тоқталды. Иелігінде жер телімі бар жандарға алда болатын жаңалықтар туралы айтылып, әр шаруа қожалығы басшысына қарамағында істейтін жұмысшылардың зейнетақы қорына ақша аударуды ұмытпау керектігі ескертілді.

www.zhaikpress.kz

Адақ ШОТПАНОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале