5.11.2015, 19:22
Оқылды: 23

Ұйымшылдықпен өткен сенбілік

Zelenov senbilik   Дариян селолық округінде ұдайы ұйымдастырылып отыратын  сенбілік  нәтижесінде  ауылымыз ажарланып кәдімгідей жаңарып қалады.

Ауылдың  түкпір - түкпірінде   жүргізілген қызу тазалық жұмыстарынан  соң  Дариянымыз  расында да айнадай жарқырай түседі. Білек сыбана кіріскен  ауыл  әкімшілігі, мекеме, ұйым қызметкерлері қай  сенбілікте болмасын әркез белсінділік танытуда.

Айта  кетейік, бір  айлық  сенбілік нәтижесінде    екі     МТЗ-82  тіркемелі       трактордың    күшімен     110 тонна   ауыл ішіндегі   қоқыс   шығарылған екен.

Өздеріне  бөлінген  аймақтардағы  тазалық  жұмыстарын  тыңғылықты   жүргізген   қызметкерлерге  ұйымдастырушылар  дән  риза. Осындай  тазалық  жұмыстары  келешек те де  жалғасын таба бермек.

                        www.zhaikpress.kz

                    Гүлжан Серікқызы

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале