27.05.2015, 17:44
Оқылды: 170

Ұланның батырлары ұлықталды

Ylannin batirlari yliktaldi  Бүгінгі таңда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері ата-баба дәстүріне сенімді бола отырып, өздеріне жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерді адал да абыроймен атқарып келеді. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тек  жауынгерлік қызметті атқару кезінде  емес, күнделікті өмірде де өз қырағылын, ерлігі мен жанқиярлығын білдіреді.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлтық ұлан әскерлері «Батыс»  өңірліқ қолбасшылығының   офицерлері майор Ринат Жұмалиев пен Салауат Қабдықұлов   бейбіт күнде танытқан  ерлік қадамдары үшін  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік наградасына ие болды.

Бүгін  Орал қаласындағы Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінде    ерлікпен көзге түскен  сардарлар майор Ринат Жұмалиев пен Салауат Қабдықұловке арналған    ұлықтау мақсатындағы   құрметтеу кеші  өтті.

Жиынға   Қазақстан Республикасы Ұлтық ұлан әскерлері «Батыс»  өңірліқ қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров,5517 әскери бөлім командирі подполковник   Аян Есжанов, «Батыс»  өңірліқ қолбасшылығыныңардагерлер  кеңесінің  төрағасы  запастағы подполковник Сансызбай Токашев,  подполковниктер  Виктор Арионов, Сергей Басс құттықтап,   сардарлардың  ерлігі  ешқашан ұмытылмайтынын, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеудің маңызы зор екендігін атап өтті.

www.zhaikpress.kz

 «Батыс» өңірліқ басасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале