5.10.2016, 11:37
Оқылды: 22

Ұлағатты ұстазға құрмет

%d2%b1%d0%bb%d0%b0%d2%93%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b-%d2%b1%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b7%d2%93%d0%b0-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%82Қаратөбе ауданы Үшағаш ауылында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұстаздар мерекесіне арналған және ардагер ұстаз Жеңісханым Төлегенқызына құрмет көрсету мақсатында мұғалімдер арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.


Спорттық шараның ашылуында алғаш сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Мербол Есендосов, ардагер ұстаз Жеңісханым Құрмашова барша жарысқа қатысушыларды ұстаздар мекекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Жолдастық кездесу Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы ОЖББМ, Шөптікөл ОЖББМ және Үшағаш НОМ-нің командалары арасында тартысты өрбіді.
Тартысты өрбіген ойын қорытындысында үздік ойын өрнегін көрсеткен Мұхит атындағы ОЖББМ-нің командасы жеңімпаз атанды. ІІ орынды Қаратөбе мектеп-гимназиясының командасына бұйырса, Үшағаш негізгі мектебінің мұғалімдер командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.
«Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен Шөптікөл ОЖББМ-нің спортшысы Жасқайрат Төлеушов, «Үздік шабуылшы» аталымымен Мұхит атындағы ЖОББМ-нің мұғалімі Дастан Жұмағалиев, «Үздік қорғаушы» аталымымен Қаратөбе мектеп-гимназиясының атынан шыққан Жасұлан Рамазанов марапатталса, Шөптікөл ОЖББМ спортшысы Айгерім Қойшыбаева «Көрермен көзайымы» аталымымен марапатталды.
Жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырған «Қаратөбе» спорт клубының әдіскері Бекболат Файзуллиннің еңбегі елеулі.

Райымбек АБАЕВ
Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале