29.03.2016, 18:48
Оқылды: 34

Ұлттық ат спорты түрлерінен өткен чемпионат

  Janibek ylttik at sporti tyrinen     ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұлттық ат спортының «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Жамбы ату» ойын түрлерінен аудандық чемпионат оздырылды. Аталған жарысқа Жәнібек, Қамысты, Күйгенкөл, Ақоба, Ұзынкөл, Тау, Жақсыбай ауылдарынан командалар келіп қатысты. Ойындарға арнайы Орал қаласынан келген Ақтілек Сәрсенов пен Қуаныш Бақытов сынды тәжірибелі төрешілер қазылық етті. Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов аталған жарыс облыстық чемпионатқа іріктеу екендігін мәлім етті.


     «Аударыспақтан» епті жігіттер 5 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Нәтижесінде, 50 келіде 1-орынды Бекнұр Серіков (Орал қ.), 2-орынды Мирас Берікбаев (Жәнібек), 3-орынды Ермұқан Қайырмұқанов (Жақсыбай), 60 келіде 1-орынды  Рүстем Серіков (Жақсыбай), 2-орынды Нұржан Есімов (Тау), 3-орынды Нармағанбет Иманғазыұлы (Орал қ.), 70 келіде 1-орынды Ержан Батырашов (Ақоба), 2-орынды Сырым Байысов (Жәнібек), 3-орынды Қайрат Асқаров (Жәнібек), 80 келіде 1-орынды Жасұлан Темірғалиев (Күйгенкөл), 2-орынды Ертай Жұмабай (Жәнібек), 3-орынды Ақболат Хамитов (Ұзынкөл), 90 келіде 1-орынды Жасұлан Айтқалиев (Ұзынкөл), 2-орынды Ахат Жонасов (Қамысты), 3-орынды Ерғай Құрманғалиев иеленді. «Теңге ілу» ойыны бойынша Ғалым Мақсот (Жәнібек) 1-орын тұғырынан көрінді. Еламан Шафхатов (Ұзынкөл) 2-орын алса, 3-орынды Бақытжан Қажығалиев (Күйгенкөл) місе тұтты. «Жамбы атудан» 1-орынды Еламан Шафхатов (Ұзынкөл) иемденсе, 2 және 3-орындарды сәйкесінше Рүстем Серіков (Жақсыбай) пен Ернар Ерланов (Жақсыбай) өзара бөлісті.

      Жарысқа жиналған жігіттер екіге бөлініп, көкпар ойынынан шеберлік класын көрсетті. Оларға ауыл азаматы Арсен Кежалиев қаржылай демеушілік еткенін де атап өткен абзал.

 www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале