13.11.2015, 17:21
Оқылды: 63

Ұлттық валюта күні аталып өтілді

Karatobe ylttik valiuta   Қаратөбеде ұлттық валюта - Теңге күніне арналған салтанатты жиналыс оздырылды.

Мерекелік шарада аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағанбетов баяндама жасады. Аудан әкімі Асхат Шахаров сала ардагерлері мен қаржыгерлерге алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.

- Егемен елдің ажырамас айғағы ретінде ұлттық валютаның айналымға түсуі – қоғам өмірінде маңызды оқиға. Бұл еліміздің дамуының дара да даңғыл жолға түскендігін көрсетеді. Елбасының сарабдал саясатының арқасында ұлттық валюта егемендіктің символына айналды.

Бүгінгі таңда теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосып келеді. Қаржыны уақытылы игеру, тиянақты жұмсай білу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы жолда Сіздерге толайым табыс, жетістік тілеймін, - деді құттықтау сөзінде аудан басшысы Асхат Берлешұлы.

Марапатталғандардың қатарында онға жуық сала ардагері, жиырмадан астам қаржыгер-есепшілер бар. Ардагер қаржыгерлер атынан сөз алған Сара Жоламанова ұйымдастырушы тарапқа ризашылық сезімін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале