4.07.2016, 9:45
Оқылды: 18

Ұлттық кітапхана қызметкерлері - Зеленовта

ulttyk kitapkhana kyzmetkerleriЗеленов ауданы орталығында «Уақыт және кітапхана: Батыс Қазақстан облысының кітапханалық кеңістігі» атты өңір кітапханашыларының семинары өтті.


Оған Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы бас маманы Гүлнар Рахимжанова, ақпараттық-библиографиялық бөлім жетекшісі Анар Рахимова, реставрациялау және консервациялау бөлімі қызметкері Айгүл Өмірбаева арнайы қатысты.

«Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» кітап көрмесімен басталған жиын екі бөлімнен тұрды.

Алғашқы бөлімді облыстық Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана директоры  Роза Исатаева жүргізіп отырды. Басқосуда аудан әкімі Кәрім Жақыпов кітапхана жүйесінің маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларғаи сәттілік тілесе, одан әрі баяндамашылар еліміздегі кітапханалардың қазіргі жағдайы мен даму стратегиясы, ел тарихы, өлке тарихын түгендеу барысында атқарылған жұмыстар жайында сөз қозғады.

Ал екінші бөлімде республикалық және облыстық кітапхананның қызметкерлері жиылған кітапханашыларға РАБИС жүйесі, кітаптарды реставрациялау және консервациялау, кітапханалық жобалармен таныстырып, тәжірибе алмасты.

Семинар соңында облыстық Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана директоры  Роза Исатаеваның атынан әр түрлі аталым бойынша Зеленов ауданының тұрғындары марапатталып, жиын аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.


www.zhaikpress.kz
Д.ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале