28.06.2016, 11:14
Оқылды: 23

Ұлттық музей сенің қалаңда!

altyn adamОблыстық қазақ драма театрында ҚР Ұлттық музейінің бастауымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Ұлттық музей сенің қалаңда» атты мәдени турдың ашылуы өтті.


 

Облыс әкімінің қолдауымен өткен мәдени турға қатысқан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы   Гүлмира Қауланова  іргелі жобаның өңірімізде бастау алып жатқанына ризашылығын білдірді.

Жоба менеджері Ардақ Қожатаеваның айтуынша ҚР Ұлттық музейі  - музей ісінің талаптары бойынша Азиядағы ең үлкен музей, нысаның үлкендігі бойынша әлемдік ондыққа кіреді. Қаламызда үш күнге созылатын мәдени турда Ұлттық музейдің он жауһары ұсынылмақ. Оның ішінде Жәңгір ханның жұбайы Фатима ханшайымның камзолы да бар. «Ұлттық музей сенің қалаңда!» атты жоба еліміздің бар өңірін қамтымақ.

Мәдени шарада салтанатты түрде ашылған еліміздің брендіне айналған «Алтын адам» жәдігері  көрермен көзайымына айналды.  Сонымен қатар  көрермен назарына ұсынылған  «Ұлттық музейге саяхат» және 3Д графикалық видеороликтері де көпшілікке тың мәліметтер берді.

ҚР Ұлттық музейі өткен тарихымызды байыптайтын, рухани мұрамызды зерделейтін аса ірі мәдени орталық. Отанымыздың бай тарихын түгелдеу, салт-дәстірін таныстыру, көнені көздің қарашығындай сақтау-барша халықтың міндеті екендігін дәріптейтін жиын соңында көпшілік қауым «Алтын адам» экспонатын тамашалады.

www.zhaikpress.kz
Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале