11.08.2015, 19:11
Оқылды: 31

Ұлттық ойындар бәсекесі

DSC_0017Жәнібек ауданы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен аудандық фестиваль болып өтті.

Бұл фестивальге аудан орталығы мен ауылдардан 9 құрама команда қатысты. Олар ұлттық ойындардың 4 түрі бойынша сынға түсті. Оның ішінде, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, жекпе-жекпе ойындары бар. Айта кетерлігі, фестивальге қатысушылардың да, жиналған жанкүйерлердің де қарасы қалың болды. Бұл аудан жұртшылығының ұлттық спорт түрлеріне құмарлығын байқатады.

Асық ату ойынында бірінші орынды Жақсыбай құрама командасы жеңіп алды. Екінші орынға Ақоба командасы жайғасса, үшінші тұғырға Қамысты ауылының спортшылары көтерілді.

Тоғызқұмалақтан 1, 2, 3 орындарды сәйкесінше Тау, Ұзынкөл, Борсы құрама командалары өзара бөлісті.

Спорт мектебіндегі футбол алаңында арнайы жайылған боз кілемде апайтөс балуандар 6 салмақ бойынша сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Еділ Елемесов (54 келі, Жәнібек), Бейбіт Аронов (60 келі, Күйгенкөл), Сырым Байсов (70 келі, Жәнібек), Нұртілек Мизамбаев (80 келі, Жәнібек), Ниязбек Оңайәлиев (90 келі, Жәнібек), Мейрамбек Дошимов (90 +, Жәнібек), қыздар арасында Бағдат Қаменова (Борсы), Айымгүл Құбаева (Жәнібек), Үнзила Күлтанова (Борсы), Гүлайым Ғұсманова (Борсы), Әсел Қуаншәлиева (Борсы), Женя Байтілеуовалар (Жәнібек) жеңіс тұғырынан көрінді.

Жалпыкомандылық сында Ақоба спортшылары бірінші орынды жеңіп алды. Жүлделі екінші және үшінші орындарға Борсы және Ұзынкөл командалары лайық деп танылды.

                                                                                                     www.zhaikpress.kz

Данияр ОСПАН,

  Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале