12.08.2015, 19:06
Оқылды: 28

Ұлттық спорт жаңғырды

ипподром (1)Орал қаласы маңындағы Асан ауылында ұлттық спорт түрлерінен  ІV республикалық фестивальға іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр  Мәкен қатысты.

– Ұлттық спортқа деген қамқорлық жыл сайын күшеюде. Әсіресе ауыл-аймақта өркендегені ұрпақ үшін маңызды. Сондықтан саламатты өмір салтын насихаттау – басты міндет. Елбасымыздың іргелі саясаты арқасында бірлік тұғыры нығайып, мемлекетіміз нығаюда. Көк байрағымыз желбіреп, патриоттық сезімнің артуына сеп болуымыз керек. Жаңа ғана бабадан қалған мұра, қанымызға сіңген көкпар ойынын көріп, бір жасап қалдық. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ассамблея жылы аясында қолға алынып жатқан осындай шаралардың шарапаты зор, – деді ол.

ипподром Тамыздың он бірінен бастап үш күнге созылатын жарысқа он екі ауданнан ат жаратып, білек сыбана келген команда мүшелері қатысуда. Олар көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, жекпе-жек сынды ұлттық ойындардан сайысқа түсуде. Одан бөлек «Әдемі киіз үй», «Әдемі сәйгүлік» байқауы оздырылады. Жеңімпаздар 6 қазанда Қызылордада өтетін республикалық фестивальға жолдама алады.

Ұлттық спорт түрлерінен спорт мектебінің директоры Дастан Мырзағалиевтың айтуынша, жалпы командалық есепте қазір Зеленов, Бөрлі, Жәнібек аудандарының спортшылары алда келеді.

www.zhaikpress.kz

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале