7.08.2015, 12:15
Оқылды: 31

Ұлттық өнер ұлықталды

Oral kalasindagi dombira paty     Орал қаласындағы Сырым Датұлы ескерткіші жанында «Домбыра party», «Асық party», «Бауырсақ party» өтті. Онда жас  өнерпаздар бірінен соң бірі іліп алып, терме айтты, күй тартты. Думанды тамашалаған көрермендер мақал-мәтел, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешуден сынға түсті. Тігілген асықты атты. Таңдайы тақылдап, халық қазынасынан сөз майын тамызғандар қазақы дәстүрмен көйлек киген қыздардың қолындағы табақтан бауырсақ «ұтып», дәм татып  жатты.

– Бір ерекшелігі, биыл жиналғандардың қарасы былтырғыдан көп. Біз, алдымен, әлеуметтік желі арқылы насихаттадық. Кеудесінде ұлттық намысы бар, дәстүрге жанашыр жастар мұнда өз еркімен бас қосты. Міне, өзгеге үлгі боларлық өнегелі кеш өтіп жатыр. Ұйымдастырушы ретінде жастар белсенділігіне оң баға беремін. Ел болашағына «кірпіш тас боп қаланатындар» ұялы телефон, компьютер, теледидар алдында телміріп, уақытын текке өткізбей, осындай игілікті іске көбірек қатысса, мақсатымыздың жанданғаны, – деді «Жастар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Мерке Сатыбалдиев. Ол бұл шараны облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырып жатқанын атап өтті.

www.zhaikpress.kz

Нұртай ТЕКЕБЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале