25.04.2016, 11:02
Оқылды: 22

Ұлт байлығы- денсаулық

?

     Шыңғырлау ауданы орталығындағы Л.Қылышев атындағы мектеп жанында жазғы спорт ойындары алаңының құрылысы жүріп жатқанын бұған дейін де тілге тиек еткенбіз. Бүгінде айналасы тор сыммен биік қоршалып, құм төселіп тегістелген ойын алаңының айналасы ағаш түбірлерінен тазартылып, көрермен орындықтары орналасатын орындар ыңғайлануда.


      Алаң айналасына тасқалып (брусчатка) төселіп, алаң ішіне жасанды көкорай төсеу жоспарланған. Бұл жерде алдағы уақытта волейбол, футбол, баскетбол, жүгіру және өзге де жеңіл атлетикалық жаттығулар мен жарыстар өткізу ойластырылған.

     «Дені сау ұлт-ел байлығы» десек, салауаттылықты мектеп қабырғасында қамдау, балаларға спортты қол жетімді ету және жағдай жасау- игілікті іс.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале