3.06.2015, 21:04
Оқылды: 24

Ұлт болашағы бірлікте

Zelenov ylt bolashagi birlikte    Зеленов ауданы Дариян ауылында  Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылауға арналған «Ұлы болашақ қалыптастырудағы – 100 қадам» атты дөңгелек үстел өтті. Аудан әкімі Кәрім Жақыповтың төрағалығымен өткен жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анатолий Сигунов, аудандық мәслихат депутаты, «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Нұржан Дүзбатыров, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тілекбай Төлепқалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүнісова, Дариян ауылдық округінің әкімі Болат Ерболатов, Зеленов аудандық №2 сотының, кеңсе меңгерушісі Алмас Гилманов, Дариян кешкі мектебінің директоры Эльфиса Галиева, Дариян ауылдық мешітінің бас имамы Азамат Абдрахманов және аудандық бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестік мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты. «Елбасымыздың бастамасымен ел көлемінде бес инстуционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам бағдарламасы жарияланғаны бәрімізге белгілі. «Нұрлы жол», бағдарламасы мен «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасы Қазақстанның алдағы ауқымды келешегін бағамдап берген болса, жарияланғаннан бері санаулы уақыт ішінде қазақстандықтар тарапынан қолдауға ие болып, шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына іліккен «100 нақты қадам» бағдарламасы еліміздің ішкі әлеуетін арттыруға негізделген. Ішкі бірлігі мықты, бірыңғай, білігі мен білімі жетілген, ауызбірлікті, тәртіпті біртұтас ел ғана сыртқы тасқындарға қарсы тұра алары белгілі. Сондықтан Елбасының ұсынып әрі баршамызға тапсырма ретінде жарияланған жаңа бағдарламасы – дер кезінде қабылданған қажет құжат»,-деп дөңгелек үстелді ашқан аудан әкімінен соң сөз алған Анатолий Константинович Елбасының 100 нақты қадам бағдарламасында айтылған барлық 5  инстуционалдық реформаға тоқталып, жиналғандарды 2050 жылға дейін еліміз дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену жолында бірлесе еңбекнуге шақырса, аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы Нұржан Тоғызбайұлы мемлекеттік қызметке келуді ең төменгі сатыдан бастау керектігі мен заң үстемдігінің орнауы және Президентіміздің осыдан екі жыл бұрын ұсынған 20 қадам бағдарламасында айтылған өз кәсібін ашып, ел қоғамына пайдасын тигізуді. Сондай-ақ бірлігімізден танбай Елбасының барлық батсамаларын жүзеге асыра беру керек екендігін айтты. Ал одан соң сөз кезегін алған Алмас Қайратұлы сот жүйесінің жетілдіруді, индустриалды инновациялық дамуды үдету керектігін айта отырып, Елбасының барлық бастамаларын қолдайтындығын жеткізсе, Тілекбай Қажымұратұлы еліміздегі барлық бағдарламалардың жақсы жүзеге асып жатырғандығына, ел бірлігін сақтай білсек қана дамыған 30 елдің қатарына енетінімізді баса айтты. Ал Дариян кешкі мектебінің директоры Эльфиса Мендәліқызы 100 нақты адам бағдарламасының төртінші бөлімінде айтылған біртектілік пен бірлікке оның ішіндегі Қазақстан халқы ассамблеясының қазақстандықтардың біртектілігін нығайтып, азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызатын кең көлемді  «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру, «Қазақстан энцеклопедиясы» интернет жобасын құру елімізді шетелдіктерге таныту жолында жасалған үлкен іс екендігіне тоқталса, 100 наты қадам бүкіл мемлекет аппараты мен барша азамат үшін жұмыс майданы екендігіне тоқталып, ел болып, отанымыздың дамуына үлестерімізді қоса берейік деген аудан басшысы жиынды қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале