13.11.2015, 16:19
Оқылды: 27

Ұлт болашағы үшін ұтымды жоба

Zelenov diplommen auilga  Бүгінгі таңда Зеленов ауданында да  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бекітіліп іске асырылуда.

Ағымдағы жылы 46 маманға 136758,0 мың теңге несие төлеуге  қарастырылып, жоспарланған мөлшерде төленді. Мәселен, білім беру - 22, денсаулық сақтау - 16, мәдениет - 5, әлеуметтік қамсыздандыру - 2, ветеринария - 1. Көтерме жәрдемақы 41 маманға 5688,3 мың теңге төлеуге қарастырылып, толық мөлшерде төленді, оның ішінде, білім беру - 18, денсаулық сақтау - 15, мәдениет - 5, әлеуметтік қамсыздандыру - 2, ветеринария - 1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің  2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы шыққаннан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде ережелелер  кеңейіп, мемлекеттік  қолдау  көрсетуге  жататын  мамандардың тізімі  айқындалған болатын. Енді алдағы уақытта көтерме жәрдемақымен қоса, бюджеттік несиемен  тұрғын үй сатып  алуға ең төменгі пайызбен агрономдар, балық өндірушілер, зоотехниктер және фермерлер  де қатыса  алады. Сондай-ақ жас мамандар үшін қабылдайтын міндеттемелері де өзгерді. Қабылдайтын міндеттемелеріне келер болсақ, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін мамандардың бұрын 5 жылдан кем емес болса, қазіргі таңда 3 жылдан кем емес болып өзгертілді. Сонымен қатар биылғы жылдан бастап мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе баспана салуға болады.

Жәй - жапсарына тоқталатын  болсақ, ағымдағы жылдың 1 қараша айындағы есеп  бойынша 124 маман Келісімді бұзып отыр, соның ішінде, білім беру - 92, денсаулық сақтау - 18, мәдениет - 1, спорт - 2, әлеуметтік қамсыздандыру - 10, ветеринария - 1. Олардың ішінен 41 іс 16438,2 мың теңге көлемінде әлеуметтік қолдау шараларын алғандардың кері бюджетке қайтару туралы сот шешімдері шыққан, ал 81 маман 8 798,1 мың теңге көлемінде бюджетке өз еріктерімен кері қайтарды.

www.zhaikpress.kz

Сандуғаш   Айтқалиева

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале