5.06.2015, 20:39
Оқылды: 26

«Ұлт жоспары - 100 қадам» талқыланды

100 kadam Облыстық мәслихаттың үлкен залында «100 нақты қадам» – ұлттық жоспарының «Біртектілік пен бірлік» атты төртінші бағытын іске асыру мәселелері бойынша  кеңес өтті. Кеңеске ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов қатысты.

Елбасымыздың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасының маңыздылығына тоқталған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен әр салада жұмыстар жүріп жатқанын айта келіп,   облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандардың белсенділігін ерекше атап өтті.

Елбасы ұсынған 100 қадамды егжей-тегжейлі баяндап, әр қадамның маңыздылығына тоқталған Ғалым Нұрмағамбетұлы барлық саланы қамтитын «Жол картасы» жасалып жатқанын тілге тиек етті.  Сондай-ақ  «Ұлт болашағы 100 қадам» – еліміздің даму жолы айқындалған ерекше құжат. 100 қадамды Елбасының 100 тапсырмасы деп түсінуге болады. Сондықтан осы бағытта ұсыныстарыңыз болса оны да құп аламыз» деген ол ұлт жоспарының басымдықтары мен оларды жүзеге асырудың шешуші қадамдарының маңызын ашып көрсетті. Кеңеске қатысқан ҮЕҰ мүшелері, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар тобы, еңбек ардагерлері өз ұсыныстарын ортаға салды. Еңбек ардагері, зейнеткер ұстаз София Иманғалиева «Теледидарда жұмыссыздық жоқ» деп айтылғанымен бүгінгі таңда жоғары оқу орынын бітірген түлектерінің көбі жұмыссыз жүргенін мәлім етті. Облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин сөзден нақты іске көшу қажеттігін алға тартып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, демографияны көбейтуге жағдай жасау, ауыл-қаладағы жеңіл өнеркәсіпті дамытуға көңіл бөлу қажет деген ұсыныстарын ортаға салды. Кеңесте Елбасымыз атап өткен бес институттық реформа шеңберіндегі «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале