8.06.2015, 19:07
Оқылды: 24

«Ұлт жоспары - 100 қадам» талқыланды

100 kadamОблыстық мәслихаттың үлкен залында «100 нақты қадам»  ұлттық жоспарының «Біртектілік пен бірлік» атты төртінші бағытын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов қатысты.

Елбасымыздың «Ұлт жоспары  бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасының маңыздылығына тоқталған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен әр салада жұмыстар жүріп жатқанын айта келіп,   облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандардың белсенділігін ерекше атап өтті.

Елбасы ұсынған 100 қадамды егжей-тегжейлі баяндап, әр қадамның маңыздылығына тоқталған Ғалым Нұрмағамбетұлы барлық саланы қамтитын «Жол картасы» жасалып жатқанын тілге тиек етті.

Кеңеске қатысқан ҮЕҰ мүшелері, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар тобы, еңбек ардагерлері өз ұсыныстарын ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале