16.09.2015, 23:49
Оқылды: 16

«Ұлт рухы» жобасы жүзеге асырылуда

Ylt ryhi     ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, олимпиада чемпиондары және Қазақстан спортшыларының бастамасымен өтетін «Ұлт рухы» атты жоба Президент тестілерін тұрғындар арасында кеңінен таратуға бағытталған. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында қолға алынып жатқан бұл шара жыл аяғына дейін еліміздің түкпір-түкпірінде оздырылуы тиіс.

Осыған орай, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының тесті бойынша  облыс чемпионатын ұйымдастыруда. Жарыстың ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов және Орал қаласы әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев қатысты. Басшылар бұл спорттық шараның  маңызы жөнінде айтып, сайысқа қатысушыларға толағай табыс тіледі.

Екі күнге созылатын бұл шараға 12 ауданның және Орал қаласының командалары, барлығы 200-ден астам спортшы қатысуда. Жас спортшылар тоғыз жас ерекшелігі бойынша спорттың мына түрлерінен сайысқа түсуде: пневматикалық винтовкамен ату, 100 м қашықтыққа жүгіру, ұзақ қашықтыққа жүгіру, доп немесе гранат лақтыру, жүзу, күш гимнастикасы, бір орыннан ұзындықтан секіру.  Жарыс қорытындысы  бейсенбіде белгілі болмақ.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал қаласы»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале