11.10.2016, 17:00
Оқылды: 24

Ұлт саулығы ұл мен қыздан басталады

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d1%81%d0%b0%d1%83%d0%bb%d1%8b%d2%93%d1%8b-%d2%b1%d0%bb-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b4%d1%8b  Облыс орталығындағы Атоян стадионында «Ұлт денсаулығы» атты жеңілатлетикалық кростан және найза лақтырудан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының жеке-командалық чемпионаты болып өтті.


Облыстық  денешынықтыру және спорт басқармасы дәстүрлі түрде өткізіп жүрген бұл байрақты бәсекеде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейлі мерекесіне орайластырылып, оған барлық аудан және қалалық командалар қатысты. Шыңғырлау ауданынан аттанған команда құрамындағы Сандияр Айтмұхамбетов 1999 жылы туылғандар санатында найза лақтырудан І орын, 2001 жылы туылғандар арасында спорттың осы түрінен Азамат Ашхатов І орын және қыздар арасында осы найза лақтырудан 2000 жылы туған Оксана Рудь ІІ орынды жеңіп алды.  Спорт «патшайымы» саналатын жеңіл тлетиканың тағы бірі сыны 2000 метрлік қашықтыққа жүгіруден жерлесіміз Надежда Рузаева ІІІ орынды иемденді. Аудандық БЖСМ атынан барған команданы бастап барған жаттықтырушы Қолғанат Шөпенов Шыңғырлау ауданы командасы жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды жеңіп алғанын хабарлап отыр.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале