16.10.2015, 16:42
Оқылды: 29

Ұлт тұлғалары ұлықталды

кошеЗеленов ауданы орталығын абаттандыру жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бұған дейін «Жеңіс» саябағы күрделі жөнделіп, жаңа аялдама бекеттері қойылған-ды. Сондай-ақ ауылдың ішкі жолдары жөнделіп, кіреберіс күре жолға жолаушыларға сәт сапар тілеген сәулетті қақпа орнатылған болатын.

Енді ауылдың осы кіреберісі мен Белес, Железнов және Зеленый ауылдарына қарай шығатын айналма жол бойына электр бағандары орнатылды. Сәйкесінше, әр бағанға батыр, хан, ақын, билеріміздің суреттері мен тәуелсіздігімізді айшықтайтын сәулетті ғимараттар бейнеленген лайтбокстар ілінді. Түнгі уақытта ішінен жарықтандырылған лайтбокстар ауыл көшелеріне ерекше сән беріп тұр.

Аудан орталығын көріктендіре түскен бұл жұмысқа жергілікті бюджеттен 31 миллион 77 мың теңге бағытталып, 6 шақырым электр желісі тартылып, 186 бағанға жарық шамдары мен 87 дана сурет орнатылған.

Ауыл жастарын жігерлендіріп, самсай тізілген ұлт тұлғаларының есімдері енді ауылдар мен мектептерге берілсе нұр үстіне нұр болар еді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале