15.10.2015, 19:30
Оқылды: 60

Ұлы Абайды ұлықтаған байқау

 

Абай байкауҰлы Абайдың 170 жылдығына орай Ақжайық ауданында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында «Абайды оқы, таңырқа...» атты байқауға 15 мұғалім келді.

Абай Құнанбайұлы шығармаларын нақышына келтіріп орындау, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларына жауап, «Абайтану» курсынан панорамалық сабақ өткізу турларында бақ сынаған олардан ізденістері, ұмтылыстары айқын танылды. Шара барысында оқытушылардың ұл-қыздармен пікір алмасуымен ұйымдастырылуы жарасым тапты.

Байқау қорытындысында І орын Қ.Байсықов атындағы орта мектеп мұғалімі Гүлзада Жәйлі, ІІ орын Бударин мектеп-балабақшасының мұғалімі Фарида Сапарова, ІІІ орын М.Әуезов атындағы орта мектеп мұғалімі Қалампыр Есеналиеваға берілді. Алғабас орта мектебінің мұғалімі  Алтынгүл Сағындықова «Сөз зергері», Абай атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Лаззат Бисенова «Білімді ұстаз», Жаңабұлақ орта мектебінің мұғалімі Мәрзия Нұрғалиева «Тапқыр ұстаз» номинацияларымен марапатталды.

Ал Бас жүлде мен облыстық жолдаманы 3 тур бойынша да үздік шығып, тапқыр, шығармашыл  екенін дәлелдеген Чапаев №1 орта мектеп мұғалімі Ұлжан Биранова (суретте) еншіледі. Ол аудандағы бастамашыл оқытушының бірі болып табылады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале