6.10.2015, 11:06
Оқылды: 44

«ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ»

Taskala Yli dala dybiri   Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығын қамтитын «Аудан күніне» арналған дәстүрлі шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«Тойдың болғанынан боладысы қызық», демекші аталмыш шараға көршілес аудандардан  ат басын арнайы тіреген қонақтар да кездесті.

Солардың бірі -  көршілес Ресейден  келген делегация. Келген қонақтарды алдымен аудан әкімі қабылдап, елдің жеткен жетістігі мен алдағы атқарылар жұмыстарды тілге тиек етті. Одан әрі қонақтар аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде облыстық өлкетану мұражайының арнайы ұйымдастырған көрмесін тамашалады. «Азалы ана» мемориалдық кешенінде болып, соғыстан оралмаған боздақтарға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Содан соң  ауыл шетінде ұйымдастырылған дала қызықтарын тамашалады.

Көрме аяқталысымен аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздары дайындаған «Ұлы дала дүбірі» атты мерекелік шараның куәсі болды.

Мереке барысында аудан әкімі  С.Әлиев  аудан тұрғындары мен барлық қонақтарды айтулы күнмен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагері, Тасқала ауданының құрметті азаматы Т.Жанжігітов пен  40 жылдан астам ауылшаруашылық саласына өзіндік үлес қосқан Б.Гиметдиновке, сондай-ақ «Еңбек Қызыл Ту» орденінің және «Бүкілодақтық халық шаруашылығы  жетістіктері көрмесінің» алтын және күміс медальдарының иегері М.Хасановқа, 20 жылдан астам уақыт ауылшаруашылық саласында еңбек еткен еңбек ардагері, Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі М.Снопковқа қошемет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.

Тұрғын үй есебінде тұрған З.Қуатоваға үш бөлмелі пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

Одан әрі аудан көркемөнерпаздары дайындаған театрландырылған көрініс көрсетілді.

Сол күні аудан кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен  қазан-қазан бауырсақ пен палаулар халыққа тегін таратылды.

Кешкісін сол жерде аудан тұрғындары мен қонақтар мерекелік концерт пен отшашуды тамашалады.

www.zhaikpress.kz 

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале