29.09.2015, 13:08
Оқылды: 34

«Ұлы дала дүбірі» атты мерекелік шара өтті

Taskala Yli dala    Жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан Халықтары Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығын қамтитын «Аудан күніне» арналған дәстүрлі шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға көршілес Ресейден  келген делегация қатысып, аудан әкімінің қабылдауында болды. Одан әрі қонақтар аудандық мәдени демалыс орталығының фойесінде ұйымдастырылған көрмені тамашалады. «Азалы ана» мемориалдық кешенінде болып, соғыстан оралмаған боздақтарға тағзым етті.

Одан әрі ауыл шетінде ұйымдастырылған дала қызықтарын тамашалады.

«Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы» арқылы несие алып, өз жұмыстарын бастап кеткен кәсіпкерлердің өнімдерін аралап көрді.

Аудандық мәдени демалыс орталығы көркемөнерпаздары дайындаған «Ұлы дала дүбірі» атты мерекелік шараның куәсі болды.

Мереке барысында аудан әкімі С.Әлиев Ұлы Отан соғысының ардагері, Тасқала ауданының құрметті азаматы Т.Жанжігіт пен бірнеше жыл мемлекеттік салада басшылық қызмет атқарған, сондай-ақ ауылшаруашылығын өркендетуге атсалысқан бірнеше азаматтарға қошемет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.

Тұрғын үй есебінде тұрған З.Қуатоваға үш бөлмелі пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

Одан әрі Аламан бәйгені тамашалаған жұртшылық әр округтің тіккен киіз үйіне кіріп, дәм татты.

Сол күні  қазан-қазан бауырсақ пен палаулар халыққа тегін таратылды.

Кешкісін сол жерде аудан тұрғындары мен қонақтар меркелік концерт пен отшашуды тамашалады.

www.zhaikpress.kz

Мирас Жексенғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале