13.11.2015, 19:25
Оқылды: 32

Ұлы жазушы ұлықталды

Zelenov Yli jazushi yliktaldi   Нобель сыйлығының иегері, әлем әдебиетінде өзіндік орны бар жазушы М. А. Шолоховтың 110 жылдығына арналған мерекелік шара Зеленов ауданы Дариян ауылындағы жазушының мемориалдық мұражайында «М. А. Шолохов және Қазақстан» атты дөңгелек үстелмен жалғасты. Жиынға аудан әкімі Кәрім Жақыпов, ҚР РФ елшісінің кеңесшісі Александр Мусиенко, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Вере Шохина,  Орал қаласындаға Ресей Федерациясының мәдениет жөніндегі вице-консулы Юрий Понамарев, жазушы Н. Ф. Корсуновтың ұлы Александр Косунов және Михаил Александровичтің немересі М. Шолохов мұражай-қорығының директоры Александр Шолохов пен атақты жазушының жосы болған журналист Б. Жұмағалиевтің қыздары Лилия және Баян Жұмағалиевалар, мектеп оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты. Шара басында жиналғандарға ұлы жазушы туралы шағын бейнеролик көрсетілді. Содан соң Кәрім Каримоллаұлы: «Әлем тарихында өзіндік орын бар жазушының біздің ауданда тұрғанын мақтанышпен айта аламыз. Біртуар жазушының ізі қалған орыннан мемориалдық мұрайжай аштық. Бұл қазақ халқының жазушыға деген үлкен құрметінің белгісі»,-деп жиналған қонақтарға қош келдің айтты. Кейін дөңгелек үстел қатысушылары жазушы туралы естеліктер мен оның досы болған марқұм Бисен Жұмағалиев туралы да жақсы сөздер айтты. Сондай-ақ Шолоховтың көзін көрген адамдар да жазушы туралы ойларымен бөлісіп, ұлы классик айтқан тағылымды әңгімелерінен мысалдар келтіріп, Михаил Александровичтің қазақ еліне деген сүйіспеншілігі, қазақ халқына деген махаббатының күшті болғандығы туралы айтса,  жазушы немересі Александр Михайлович: «Қазақ жеріне келген сайын атама деген сыйластықтың қандай болғандығын көремін. Осындай шаралар ұйымдастырып, оның есімін ұлықтап отырғандарыңызға шексіз ризашылығымды білдіремін»,-деді. Содан кейін мерекелік шара ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапқан Бисен Жұмағалиев атындағы балалардың «Достық» фестивалімен жалғасты. Оған ауданның Махамбет, Рубежин, Макаров мектептерінің оқушылары мен Ресей Федерациясының Волгоград облысының Николаевск және Ростов облысының Шолохов ауданының оқушылар қатысты. Фестиваль қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен «Достық» кубогтары ұсынылды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале