12.05.2016, 18:13
Оқылды: 19

Ұлы Жеңіске арналған велошеру

Janakala velosheruЖаңақала ауданында Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен "Жаңақала-Қызылоба-Жаңақала" велошеруі өтті.


Велошеруге оқушылар, ауыл жастары, Жаңақала мектеп-гимназиясының және Жаңақала колледжінің ұстаздары мен қызметкерлері қатысты.

Шерушілер аудан орталығындағы мәңгілік алаудан тұтатқан алауды Қызылоба ауылдық округіне жеткізіп, сол елді мекендегі мәңгілік алауды жақты.

Сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне арналған стеллаға және ауданымыздағы төрт Кеңес Одағының Батырының бірі Есен Шегірейұлы Орақбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале