26.09.2016, 10:03
Оқылды: 23

Ұлы Жеңіс сарбазына перзенттік тағзым

????????????????????????????????????

   Бай ғұмырнама иесі Рафхат Ғалимуллин өткен жексенбіде өзінің 95 жасын қарсылады. Сонау заманның небір ызғарын бастан өткерген, фашизм агрессиясына тойтарыс берген Ұлы Жеңіс сарбаздарының бірі, бүгінде Орал қаласында тұратын қарияны аудан әкімі Әділ Жоламанов арнайы барып құттықтады.


Жаңақала ауданында дүниеге келген Р.Ғалимуллин еңбек жолын Жәнібекте мұғалімдіктен бастайды. Ұлы Отан соғысы кезінде алғы шептегі атқыштар батальонында штаб басшысы, кейін 36-шы Қызылтулы Неман корпусында байланыс офицері болып, талай майданнан өтті. Одан әрі бейбіт кезеңде Ордадағы әскери комиссариатта, орта мектепте жұмыс жасады. Рафхат Ғалимоллаұлының бұдан кейінгі еңбек жолы ауданымызда аупартком хатшысы, халықтың бақылау комитетінің төрағасы қызметтерінде жалғасып, ауқымды, қарымды істерімен халық құрметіне бөленді. Сосын аудандық газетте көп жыл редакторлық жұмысында журналистикаға сүбелі қолтаңбасын қосты.

Ә.Т.Жоламанов ғұмыры ғибратты абзал жанға перзенттік жүректен игі тілегін арнап, оған және  зайыбы Роза Исмағұлқызына естелік сыйлықтар тапсырды. Биыл жұбайлық өмірлерін 70 жыл толған қариялар елімізде бейбітшілік, бірлік салтанатына жүрекжарды қуаныштарын айтты.

Үлкен шаңырақтың асқар таудай тірегі, немере, шөберелердің сүйікті атасы Р.Ғалимуллинді аудандық ішкі саясат бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, «Жайық таңы» газеті өкілдері де арнайы барып, құттықтады.

Шынар АБЗАЛ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале