19.02.2016, 19:32
Оқылды: 22

Ұлы мерекені ұлықтауға арналған жобалар бастау алды

????????????????????????????????????

   Бүгін Зеленов ауданы орталығының мәдениет үйінде тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай аймағымызда жүзеге асатын жобалар мен шаралар таныстырылды.


Әсем әнмен әспеттеліп, күймен көмкерілген шарада сөз алған аудан әкімі Кәрім Жақыпов:

-Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Өркениет көшіне ілескен мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз.

Осы уақыт ішінде ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз толағай табыстарға жетті. Қазақстан әлемге танылды. Тәуелсіздік күні - ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өкшені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев басшылығымен бүгінде алдыңғы қатарлы ел айналдық. Отанымыз халықаралық ареналарда зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Соның бір айғағы бүкіл әлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу. Бұл Қазақстанның экономикалық қуатын жаһандық танудың айқын көрінсі екені сөзсіз,- деді.

Жиында аудандық білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық, мәдениет салалары, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшылары және «Ауыл тынысы» газетінің редакторы өткен уақыт ішінде қыруар шаруаның басы қайырылғандығын тілге тиек етіп, 25 жылдыққа орай ұйымдастырып отырған тың жобаларымен таныстырды.

Одан әрі аудан көркемөнерпаздары әуезді ән шырқап, көркем билерін өрнектеп, киелі қара домбырадан күй төкті.

www.zhaikpress.kz

Динара БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале