24.03.2016, 13:13
Оқылды: 41

Ұлы мереке Бөрлі жерінде де ұлықталды

 

Borli jan jadiratkan jil basi   Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түннің теңелген күні барша түркі халқы әз Наурыз мерекесін тойлайды. Талай ғасырлар бойы тойланып келе жатқан ұлы мереке Бөрлі жерінде де ұлықталды.

Қаламыздың  Ғ.Жәңгіров атындағы саябағына жиналған қауымның қарасы көп болды. Бірін-бірі құшақтаса көріскен қариялармен жақсы ниеттерін білдіріп жатқан жастар, мерекені қызықтап, асыр салған балалар да да осы думаннан табылды. «Ақ мол болсын, ырыс оң болсын, қайда барсаң жол болсын» деп тілек тілеген ағайын, бірін-бірі құшақтаса көрісіп, өткен жылда болған өкпе-назды ұмытып, тату болуға келісті.


Ақ шаңқаң тігілген үйлер мен қазақтың кең жайылған дастарханның байлығы көпшілікке бейбіт елміздің тыныштығы мен молшылғын дәріптеді.

Жұртшылыққа тегін наурыз көже ұсынылып, ыстық бауырсақ таратылды. Жаңа жылдың бастауы болған әз Наурыз мерекесімен аудан әкімі МаратТүсіпқалиев  аудан халқын құттықтады.

«Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Халқымыз бұл мейрамды жыл басы санаған. Жасампаз Наурыз бүгінгі гүлдеу мен жанарудың, ырыс пен берекенің Қазақстанның барша азаматтарының достығы мен татулығының мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достық нығайтып, әр ұлттың салт-дәстүрі қайта жаңғырды. Бұл күні біз өткенге есеп беріп, келешекке жосар құрамыз.

Бүгінгі ең басты жаңалық аудан халқының Қазқстан Республикасының  мәжілісі ме жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға белсенілікпен қатысып, болашаққа таңдау жасау болды. Сондай-ақ биылғы жылы ел тәуелсіздігінің 25 жылыдық мерей тойын қарсы алып отырмыз. Ұлыстың ұлы күні Отанымызға береке, елімізге игілік, мемлекетімізге молшылық, әр шаңыраққа бақ пен байлық әкелсін» – дей келе әр жылдары Ұлыстың Ұлы күні қазкақтың киіз үйін тігіп, аудан тұрғынлдарына мерекелік көңіл-күй сыйлайтын мекемерге алғысын айтып,басшыларына естелік сыйлықтар табыс етті. Өңір басшысының бұл құрметіне  ҚПО б.в. компаниясы, «Ақсайавтотранс» АҚ, «KazBurGaz»АҚ және «Ақсайгазсервис» АҚ басшылары ие болды.

Жаратылыс біткенге жан бітіріп, жер бетіне жылулық мейірімін ұялатып, көктемнің шырайлы мейрамы саналған Наурыз мерекесінде аудандық демалу орталығының қызметкерлері мен шәкірттерінің күшімен дайындалған театрландырылған көрініс пен мерекелік концерт те болды

Мерекеде шашу шашылып, ақтан дәм татқан жұртшылық Қыдыр атаның берген ақ батасымен бет сипады.

«Наурыз – құт, береке, молшылық» атты мерекелік концертке аудандық демалу орталығының жезтаңдай әншілері Ж.Чугирова, С.Діңғалиева, М.Чернышова, Е.Мищенко, Б.Рабаев, Г.Мамбеталиева, А.Аймағамбетов, В.Давлетова, Ұ.Рамазанова, А.Какимов, Е.Зейнетденов, Г.Кабикеева, Н.Салахатдинов, А.Избасарова, Ә.Куджанова, Д.Тасимов, Қ.Жылқыбаевтармен  «Ақ жаулықты әжелер» ансамбілі (жет. Н.Сейітжнова) мен «Назқоңыр» фольклорлық ансамбілі (жет.Б.Заитов) көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.  Ал «Назерке» (жет. А.Мұқанғалиева) және «Қарлығаш» (жет. Ш.Қойшыбаева) би ансамбілдері тамаша билерімен мейрамның ажарын аша түсті.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале