18.01.2016, 14:13
Оқылды: 27

Ұлы тойға арналды

 

Акжаик лыжиАқжайық ауданындағы «Ақжайық» туристік-сауықтыру кешенінде шаңғыдан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ауқымды сайыс ұйымдастырылды. Шараға жасөспірімдермен қатар аудандық бөлім, мекемелер өкілдері, Чапаев, Ақжол, Базаршолан, Бударин, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Мерген ауылдарының тұрғындары қатысты.


Ашылу салтанатында аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтау сөзінде биылғы ұлы тойға орай ерекше де көлемді істермен қатар ел шаңырағының бір уығы болып табылатын дене шынықтыру мен спорттың бұқаралылығы үшін айтулы жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Флеш-моб акциясынан соң қар жолында шаңғышылар бәсекеге түсті. Ерлер және әйелдер арасында өз жас мөлшерлері топтарында сынға түскендерден Айым Бисембайқызы, Күләш Тілеулина (М.Әуезов атындағы орта мектеп), Мерлан Мугазин, Орынбек Ниязов, Айнагүл Серғазиева (агротехколледж), Самал Ералиева (туризм және экология орталығы), Әділбек Нығметов (Мерген), Мұқамбетқан Темірбаев (Бударин), Абай Искайров (Ақжол) жеңімпаз атанды.

Жарыс соңынан балық аулаудан бәсеке өтті. Бұл шарада аудандық ішкі істер бөлімі, орталық кітапхана, агротехколледж, «Мерей» мәдени-демалыс орталығы, «Жігер» спорт клубы, аудандық туризм және экология орталығы, ауданаралық жедел құтқару бөлімі ұжымдары аса белсенділік танытқанын атап өту қажет.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале